Тіліңізді таңдаңыз
« Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған 13 қыркүйек күні 9-10-11 сынып оқушыларына ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Отырар ауданының АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Т.Меңлібаев пен А. Сейдахан және мектеп-гимназия директоры Т.Сарсенбаев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Алтынбекова мен Б.Меңлібаев, қатысып оқушыларға мектеп ішінде және де мектептен тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы сөз етті. Сондай-ақ білім алушыларға мектеп формасын, жол ережесін сақтау, зиянды заттардан аулақ болу, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, зорлық-зомбылық, лудомания, қылмыс пен құқық бұзушылық интернет алаяқтық фактілерінің түбі, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы мәліметтер кеңірек айтылды.
#ШҚалдаяқов_атындағы_мектеп_гимназиясы
гимназиясы
11қыркүйек күні Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында
«Қыз бала-отбасының шырайы» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 8-11сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айсулу Алтынбекова ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыздарға мектептің ішкі тәртіп ережелері ,мектеп формасын сақтау жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді, қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды.Мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. Мұнан соң сөз алған мектеп медбикесі
Г. Тұңғышбай қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Жиналыс соңында Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияда "Тілім-тірегім,соғып тұрған жүрегім!"атты онкүндік аясында
"Туған тілім -елге мұра,ұрпаққа ұран!"атты 5-9 сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
"Туған тілім -елге мұра,ұрпаққа ұран!"
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияда Қазақстан халқы Тілдері мерекесіне арналған "Тіл-Тәуелсіздік тұғыры"тақырыбындағы іс-шаралар жалғасын табуда .
Осыған орай "Тілге құрмет-елге құрмет" атты челенджді Жамбыл атындағы мектеп-лицейіне және Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектеп лицей-интернатына жолдаймыз.
#Ш_Қалдаяқов_атындағы_мектеп_гимназия
АДАЛДЫҚ САҒАТЫ
"Адалдық адамдықтың белгісі"
9-18 қыкүйек күндері тақырыбында, 1-11сыныптарға тәрбие сағаты өткізілді.
Алдымен оқушыларға сабақтың мақсаты және жоспары таныстырылды.
Мақсат-міндеттері және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстыра отырып, оқушыларды қоғамымызды алаңдатып отырған жемқорлық және оның келеңсіз көріністері, олардың алдын алу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бейнебаяндар көрсетілді. «Адалдық дегеніміз не?», «Адал адам қандай болу керек?» деген сұрақтарға жауап беріліп,пікір алмасты.Осы тақырыпта бейнебаян көрсетіліп, бейнебаяннан көрген, түсінгендерін өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар келтіріп, ойларын ортаға салды. Оқушыларға адалдық,шыншылдық,адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы ұлы тұлғалардың нақыл сөздері айтылып,өзара талдап, өз пікірлерін білдірді.Оқушылар шараға белсенді қатысты.
5- ҚЫРКҮЙЕК "ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ"
Тіл-рухани қазына
5 қыркүйек- Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесі.
Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Ана тіліміз – тәрбие құралы және адамдардың тілдік қарым-қатынасын байланыстыратын болмыс өзегі. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі.
Қазақстан халқының Тілдер күні еліміздің азаматтары үшін өте маңызды, өйткені ҚР аумағында тұратын әрбір этностың мәдени әртүрлілігін, өзіндік ерекшелігін көруге мүмкіндік береді. Әр халықтың ана тілі – оның игілігі мен құндылығы. Тіл – халықтың рухани мұрасы, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін асыл қазынасы.
Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп- гимназиясында Қазақстан халқының Тілдер күніне орай «Тіл тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі ақын жазушы Муратова Раушан Оразбайқызы Тілдер мерекесімен тұспа тұс келген қазақ тілінің негізін қалаушы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері— Ахмет Байтұрсынұлының туылған күніне жыр шумағын арнады. Онкүндік 5 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында жоспарға сәйкес түрлі шаралармен жалғасын табады.
Баршаңызды Тілдер күні мерекесімен құттықтаймыз!
ТІЛ – ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ
5 қыркүйек — Тіл мерекесі күні!
Тіл - тұнық ойдың кәусары. Тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тіл мерекесі біз үшін еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫның сөздерінде терең мағына жатыр.
Мектеп-гимназияда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі қоғамдастықтарының ұйымдастыруымен Тіл мерекесіне орай, «Тіл - халықтар достығының тірегі» тақырыбында он күндіктің ашылуы өткізілді.
Шара барысында білім алушылар А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, үш тілде жыр шумақтарын оқыды.
Алдағы уақытта жоспар бойынша жұмыстар өз жалғасын табатын болады
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
”МЕНІҢ ОТАНЫМ -ҚАЗАҚСТАН”
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 1-11сыныптар арасында “Менің Отаным-Қазастан” тақырыбында алғашқы тәрбие сағаты өткізілді.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы ой-өрістерін кеңейту.
Өз халқымыздың әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүріне, әдебиеті мен мәдениетіне деген танымдық қызығушылықарын ояту.
Туған жерін сыйлауға,бағалай білуге,Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН
АДАЛ АЗАМАТ
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында АІІБ бөлімінің басшылары мен қызметкерлері мектепке арнайы келіп оқушыларға “Жолда жүру ережелері”мен қауіпсіздік жаттығуларын таныстырды
Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбында “Алғашқы қоңырау “ салтанатты жиыны өткізілді.Салтанатты жиынды ақын-педагог,жазушылар одағының мүшесі Мұратова Раушан жүргізді.
Салтанатты жиынға аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері,еңбек ардагерлері,ардагер ұстаздар ,ата-аналар шақырылды.Салтанатты жиында мектеп-гимназия директоры
Т.Сарсенбаев сөз алып 2023-2024 оқу жылындағы жетістіктерді саралап, мектеп-гимназия оқушылары мен ұстаздарын,1 сыныпқа қабылданған оқушылардың ата-аналары мен жалпы жиынға қатысушы оқушыларды “Білім күні” мерекесімен құттықтады. Салтанатты жиынға Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің бас маманы Ләззат Шадыманқызы,
аудандық білім бөлімінің бас маманы Төлендиева Қаракөз және жиынға арнайы шақырылған ардагер ұстаздар Байжұман Қалдан апай,Белгібай Мария,Ержанова Күлсара,Тоқбергенова Жайсан,Тұрмағанбетова Лаззат апайлар жиынға қатысушыларға өз құттықтауларын жеткізді.Сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Усербаев Ермек мектеп -гимназия оқушыларына жолда жүру мен қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп,сынып жетекшілер жол белгілерінің суреттерін салдырып,боятты.
“Алғашқы қоңырау” соғу құрметіне
1”А” сынып жетекшісі Төлегенова Гүлнар шәкірттері
Қарлыбай Нұрислам мен Ғалымжан Нұрисламмен,
1”Ә”сынып жетекшісі Садықова Гүлбану шәкірттері Дүйсен Аяла Нұрманқызы,Әділхан Әлихан Жандосұлымен,
1”Б” сынып жетекшісі Додабаева Роза шәкірттері
Әділхан Алихан Нұрболатұлы,
Бағлан Розамен,
1”Г”сынып жетекшісі Линова Лилия шәкірттері
Амантай Қасиет пен Бектібай Асылайыммен,
1”Д”сынып жетекшісі Шойбекова Күлзейнет шәкірттері. Талғат Алинур Еркебұланұлы мен Дүйсенбай Ақнұрым Досжанқызымен,
11сыныптың үздік оқушысы Қаппарбек Қыдырәлі ие болып,қоңырау соғып,білімнің бастау алғанын паш етті.
Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мектеп,ұстаз туралы ән-жырларын өте жақсы орындап ұстаздары мен ата-аналарын қуанышқа кенелтті.
Білім күні мерекесі құтты болсын!
ҚЫМБАТТЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ШӘКІРТТЕРІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРЕТІН
МЕРЕЙЛІ МЕКЕНГЕ
ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! ![]()
![]()
![]()
![]()
![]()