ТІЛ – ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ
5 қыркүйек — Тіл мерекесі күні!
Тіл - тұнық ойдың кәусары. Тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тіл мерекесі біз үшін еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫның сөздерінде терең мағына жатыр.
Мектеп-гимназияда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі қоғамдастықтарының ұйымдастыруымен Тіл мерекесіне орай, «Тіл - халықтар достығының тірегі» тақырыбында он күндіктің ашылуы өткізілді.
Шара барысында білім алушылар А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, үш тілде жыр шумақтарын оқыды.
Алдағы уақытта жоспар бойынша жұмыстар өз жалғасын табатын болады