5- ҚЫРКҮЙЕК "ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ"
Тіл-рухани қазына
5 қыркүйек- Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесі.
Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Ана тіліміз – тәрбие құралы және адамдардың тілдік қарым-қатынасын байланыстыратын болмыс өзегі. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі.
Қазақстан халқының Тілдер күні еліміздің азаматтары үшін өте маңызды, өйткені ҚР аумағында тұратын әрбір этностың мәдени әртүрлілігін, өзіндік ерекшелігін көруге мүмкіндік береді. Әр халықтың ана тілі – оның игілігі мен құндылығы. Тіл – халықтың рухани мұрасы, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін асыл қазынасы.
Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп- гимназиясында Қазақстан халқының Тілдер күніне орай «Тіл тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі ақын жазушы Муратова Раушан Оразбайқызы Тілдер мерекесімен тұспа тұс келген қазақ тілінің негізін қалаушы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері— Ахмет Байтұрсынұлының туылған күніне жыр шумағын арнады. Онкүндік 5 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында жоспарға сәйкес түрлі шаралармен жалғасын табады.
Баршаңызды Тілдер күні мерекесімен құттықтаймыз!