Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

"МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ"

Түркістан облысы

Отырар ауданы

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбында “Алғашқы қоңырау “ салтанатты жиыны өткізілді.Салтанатты жиынды ақын-педагог,жазушылар одағының мүшесі Мұратова Раушан жүргізді.

Салтанатты жиынға аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері,еңбек ардагерлері,ардагер ұстаздар ,ата-аналар шақырылды.Салтанатты жиында мектеп-гимназия директоры

Т.Сарсенбаев сөз алып 2023-2024 оқу жылындағы жетістіктерді саралап, мектеп-гимназия оқушылары мен ұстаздарын,1 сыныпқа қабылданған оқушылардың ата-аналары мен жалпы жиынға қатысушы оқушыларды “Білім күні” мерекесімен құттықтады. Салтанатты жиынға Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің бас маманы Ләззат Шадыманқызы,

аудандық білім бөлімінің бас маманы Төлендиева Қаракөз және жиынға арнайы шақырылған ардагер ұстаздар Байжұман Қалдан апай,Белгібай Мария,Ержанова Күлсара,Тоқбергенова Жайсан,Тұрмағанбетова Лаззат апайлар жиынға қатысушыларға өз құттықтауларын жеткізді.Сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Усербаев Ермек мектеп -гимназия оқушыларына жолда жүру мен қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп,сынып жетекшілер жол белгілерінің суреттерін салдырып,боятты.

“Алғашқы қоңырау” соғу құрметіне

1”А” сынып жетекшісі Төлегенова Гүлнар шәкірттері

Қарлыбай Нұрислам мен Ғалымжан Нұрисламмен,

1”Ә”сынып жетекшісі Садықова Гүлбану шәкірттері Дүйсен Аяла Нұрманқызы,Әділхан Әлихан Жандосұлымен,

1”Б” сынып жетекшісі Додабаева Роза шәкірттері

Әділхан Алихан Нұрболатұлы,

Бағлан Розамен,

1”Г”сынып жетекшісі Линова Лилия шәкірттері

Амантай Қасиет пен Бектібай Асылайыммен,

1”Д”сынып жетекшісі Шойбекова Күлзейнет шәкірттері. Талғат Алинур Еркебұланұлы мен Дүйсенбай Ақнұрым Досжанқызымен,

11сыныптың үздік оқушысы Қаппарбек Қыдырәлі ие болып,қоңырау соғып,білімнің бастау алғанын паш етті.

Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мектеп,ұстаз туралы ән-жырларын өте жақсы орындап ұстаздары мен ата-аналарын қуанышқа кенелтті.

Білім күні мерекесі құтты болсын!

ҚЫМБАТТЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ШӘКІРТТЕРІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРЕТІН

МЕРЕЙЛІ МЕКЕНГЕ

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 🌹🌹🌹🌹🌹