Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы

#Ш_Қалдаяқов_атындағы_мектеп_гимназия

#Адалдық_сағаты

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

⚜️ "Адалдық адамдықтың белгісі"

9-18 қыкүйек күндері тақырыбында, 1-11сыныптарға тәрбие сағаты өткізілді.

📝Алдымен оқушыларға сабақтың мақсаты және жоспары таныстырылды.

Мақсат-міндеттері және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстыра отырып, оқушыларды қоғамымызды алаңдатып отырған жемқорлық және оның келеңсіз көріністері, олардың алдын алу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бейнебаяндар көрсетілді. «Адалдық дегеніміз не?», «Адал адам қандай болу керек?» деген сұрақтарға жауап беріліп,пікір алмасты.Осы тақырыпта бейнебаян көрсетіліп, бейнебаяннан көрген, түсінгендерін өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар келтіріп, ойларын ортаға салды. Оқушыларға адалдық,шыншылдық,адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы ұлы тұлғалардың нақыл сөздері айтылып,өзара талдап, өз пікірлерін білдірді.Оқушылар шараға белсенді қатысты.