Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТІЛДІ

        « Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған 13 қыркүйек күні 9-10-11 сынып оқушыларына ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Отырар ауданының АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Т.Меңлібаев пен А. Сейдахан және мектеп-гимназия директоры Т.Сарсенбаев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Алтынбекова мен Б.Меңлібаев, қатысып оқушыларға мектеп ішінде және де мектептен тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы сөз етті. Сондай-ақ білім алушыларға мектеп формасын, жол ережесін сақтау, зиянды заттардан аулақ болу, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, зорлық-зомбылық, лудомания, қылмыс пен құқық бұзушылық интернет алаяқтық фактілерінің түбі, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы мәліметтер кеңірек айтылды.