#ШҚалдаяқов_атындағы_мектеп_гимназиясы
гимназиясы
11қыркүйек күні Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында
«Қыз бала-отбасының шырайы» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 8-11сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айсулу Алтынбекова ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыздарға мектептің ішкі тәртіп ережелері ,мектеп формасын сақтау жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді, қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды.Мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. Мұнан соң сөз алған мектеп медбикесі
Г. Тұңғышбай қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Жиналыс соңында Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.