ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ БІЛЕСІҢ БЕ! ![]()
Жаңа оқу жылы басталысымен Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп- гимназия КММ-де мектебінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында жол қауіпсіздігін сақтауға байланысты шара өткізілді.
Мақсаты — оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілерінің жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін ажырата білуге үйрету.
Осыған орай «Абайлаңыз, бағдаршам», «Қызыл, жасыл, сары», «Балалардың жолда жүру қауіпсіздігі» тақырыптарында білім алушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.





