Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

“Ұстаз -Ұлы тұлға” тақырыбындағы ардагер ұстаздар атына жабдықталып берілген атаулы кабинеттердің ашылу салтанатынан

29-сәуір күні Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияда 1-Мамыр Қазақстан Халықтары бірлігі күніне орай

"ҰСТАЗ-ҰЛЫ ТҰЛҒА"тақырыбында ұлағатты ұстаздардың

есімі беріліп,көрнекіліктермен жабдықтауға демеушілік етіп отырған ардагер ұстаздардың кабинеттерінің ашылу салтанаты болып өтті.

Бұл іс шара-ізгіліктер мен жақсылықтарды жалғастырып отырған іс шара,сонымен қатар ұстаз еңбегін бағалау,қастерлеу мектебі ,

-ұрпақ тәрбиесі,ұлт болашағы екенін дәлелдейтін жиын,

бұл жүздесу-ұстаз еңбегін елге паш ететін мерейлі күн болды.

Бұл басқосудың басты мақсаты-өткенге тағзым ету,болашаққа сенім арту.

Алғашқы сөз мектеп-гимназия директоры Талғат Жұматайұлы Сәрсенбаевқа ,ауыл әкімі Ғалым Сағындықұлы Қыдыровқа ,әдістемелік кабинет меңгерушісі Дархан Ембайға,білім бөлімінің бас маманы Бақыт Бекмұратұлына, ата-аналар комитетінің төрағасы Оралбек Жорабекке берілді.

Жалпы ,барлығы 10кабинет ашылды.

Кабинеттердің лентасы қиылып болған соң іс шара әрі қарай жалғасты.

Мұнан кейінгі сөз -кабинеттерге есімі беріліп отырған ардагер -ұстаздар мен қонақ болып келіп отырған ұлағатты ұстаздарға берілді.

Ұлағатты ұстаз Жақыпбек Боранбай ағайымызға,

Мектеп-гимназияны бірнеше жыл басқарған ұлағатты ұстаз,,қазіргі таңда Жамбыл мектеп-лицейінің директоры Қадиша Әуесқызы Қылышбаева апайға,

сонымен қатар ,бүгінгі күн Мәжіліс залына есімі беріліп отырған,

Отырар ауданының Құрметті азаматы ,Алтынсарин медалінің иегері,бірнеше жыл мектебімізді басқарған ұлағатты ұстаз-

Белгібаева Мария Имансарықызына,

Сондай-ақ "Ата -аналарды қолдау орталығы"кабинетіне есімі беріліп отырған

Ұлағатты ұстаз,Отырар ауданының Құрметті азаматы,"Шуақты аналар "қоғамдық бірлестігінің төрайымы., мектебімізде көп жылдар тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс жасап ,оқу тәрбие саласында ізгі жолымен жас ұстаздарға бағыт- бағдар берген Байжұман Қалдан Спабекқызы апайымызға,

205-інші информатика кабинетіне есімі беріліп отырған,

ұлағатты ұстаз,Отырар ауданының Құрметті азаматы,аудандық "Әжелер алқасының "төрайымы ,мектебімізде көп жылдар директордың орынбасары болып,ұстаздықтың керемет үлгісін көрсеткен Тұрлыбек Мейрамкүл Полатқызы апайымызға,

304-інші Қазақ әдебиеті кабинетіне есімі беріліп отырған,

ардагер ұстаз-қазақ тілі мен әдебиетінен нағыз шебер ұстаздың үлгісін көрсеткен, шәкірттері еліміздің барлық жерінде еңбек етіп жүрген -Сеиітова Злиха апайымызға,

111-інші бастауыш сынып кабинетіне еңбек ардагері Жақыпбек Құттыбай Әсенұлының және ардагер -ұстаз Есімова Рыскүл апайдың есімі берілді,

Құттыбай ағайымыздың жан- жары

Есімова Рыскүл апайымызға,

Өмірден өткен ұлағатты ұстаз Қалмырза Тәжібай ағайымыздың жары Гүлшархан Ештаева апайымызға,

Математика кабинетіне есімі беріліп отырған ұлағатты ұстаз,жүздеген шәкірттердің сынып жетекшісі болған Ләззат Тұрмағамбетова апайымызға ,

ән және музыка кабинеті ұлағатты ұстаз Алтынсарин медалінің иегері,мектебімізде музыка пәнін және хор ұжымын бір ізге салып, қалыптастырып кеткен Абылайхан Орынбеков ағайымыздың есімімен аталып отыр,ұстаз есімі өшпейді,

ұстаздың жары Айсұлу Әмзеева апайымызға,

306-ыншы геометрия кабинетіне мектебімізде ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен ұстаз Рая Қанафияқызы Киізбаева апайымыздың есімі беріліп отыр,

Рая апайымыздың бауыры- Киізбаев Серғали ағайымызға,

сонымен қатар ,108 -інші бастауыш сынып кабинетіне есімі беріліп отырған Дәрімбекова Гүлзат апайларға сөз берілді.

Ардагер- ұстаздарға бірлестік жетекшілері,пән мұғалімдері сый-сияпат жасады.

Іс шараны өз орынбасарларымен сөз кезегіне шыққан мектеп-гимназия директоры Талғат Жұматайұлы Сәрсенбаев қорытындылады