Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

"Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия "КММ-де МАҢЫЗДЫ ОТЫРЫС ӨТТІ.

"Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия "КММ-де

МАҢЫЗДЫ ОТЫРЫС ӨТТІ.

Бүгін мектебімізде психологиялық қолдау орталығының кезекті отырысы аясында сынып жетекшілер мен сынып тәрбиешілеріне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиынның басты тақырыбы — ерекше назарды қажет ететін оқушыларды анықтау және олармен түзету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру болды.

Отырыс барысында:

  • Психологиялық бағыт: Мектеп психологтары Б.Әжібек пен Ш.Тасболаттың ерекше назардағы оқушыларға арналған бақылау парағын толтыру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, сынып жетекшілерге диагностика нәтижесінде анықталған «жасыл, сары, қызыл» деңгейлер бойынша жұмыс бағыттарын айқындап берді. Сынып жетекшілермен бірлескен жұмыс жоспарын құру мен оны іске асыру процестерін нақтылап берді.
  • Әлеуметтік мониторинг: Әлеуметтік педагог ПеризатАманбаева осал топтағы оқушылардың жағдайын бақылау, олардың құжаттамасын жүргізу және «Үй аралау» актілерінің уақытылы толтырылу қажеттігін атап өтті.
  • Тәрбие мен талап: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айсұлу Алтынбекова әрбір оқушының жеке тұлға екенін ескерте отырып, оларды қолдау - бүкіл ұжымның ортақ міндеті екенін жеткізді.

Жиын соңында сынып жетекшілер мен тәрбиешілерге әр баланың ішкі әлеміне терең үңіліп, әр оқушыға ерекше көңіл бөлу және жеке тұлға ретінде құрметтеу басты міндет екені жүктелді. Бала қауіпсіздігі мен рухани саулығы — біздің ортақ мақсатымыз.