Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

“Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 29.04.2026 жылы сағат 10:00-де “Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Түркістан облыстық прокурорының орынбасары Тлемисов Дәулет Бекбашұлы

8-9-10-11 сынып оқушылары мен ата-аналары,сынып жетекшілері,тәрбие саласының мамандарына арналған «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында ашық форматта тікелей эфирде онлайн кездесу өткізді. Кездесу ай сайын өткізіліп ,қойылған сұрақтарға талдау жасалып,өзекті мәселелердің шешімін табу мақсатында орын алып отырғаны жөнінде атап өтті.Мектеп-гимназия директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Алтынбекова оқушыларға алдын- ала түсіндірме жұмыстарын жасап,сынып жетекшілермен бірлесе эфирді мұқият тыңдауды таныстырды.

📌Тікелей эфирде;

🔹️-Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру

🔹️-Интернеттегі қауіпсіздік

🔹️-Зорлық-зомбылықтың алдын -алу.

🔹️Буллинг және кибербуллинг

🔹️-Мектеп пен көшедегі тәртіп

🔹Жазғы каникулдағы қауіпсіздік

🔹️- Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын -алу тақырыптары аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Онлайн форматтағы қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мұқият және сабырмен жауап берді.

Меньше