Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

Әжелер жиыны

Бүгін Ш .Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияның АКТ залында "Әже, сенің ардақ тұтам есіміңді..." атты іс шара болып өтті.

Іс шараның мақсаты-жанұядағы әже мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту.Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру болды .Сонымен қатар қазақтың әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру, қыз балаларды кіші пейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды арттыру -басты назарда болды.

Шәкірттерімізге мол тәрбие берген бұл іс шарамызға

1Аудандық «Шуақты аналар» кеңесінің төрайымы ,Отырар ауданының Құрметті азаматы Байжұман Қалдан апамыз,

Отырар ауданының «Әжелер кеңесінің» төрайымы,Отырар ауданының Құрметті азаматы Тұрлыбекова Мейрамкүл апайымыз,

ардагер -ұстазымыз , мектеп-гимназия «Әжелер кеңесінің» төрайымы,қажы- апамыз Әмзеева Айсұлу ,

Отырар ауданының Құрметті азаматы ,ұлағатты ұстаз Белгібай Мария апай,

Шаденова Шынар қажы апамыз,

ардагер- ұстаз Ержанова Күлсара апай,

,ұлағатты ұстаз, мектебіміздегі Шәмші Қалдаяқов мұражайының алғашқы ұйымдастырушысы Қыдырова Күлаш апайымыз,сонымен қатар Орталық кітапхана әжелері Базаркүл апай мен Ақайна апайларымыз,

сондай-ақ,бүгінгі жиынға

Мектеп-гимназия «Даналық мектебі» клубының «Әжелер мектебінің» мүшелері, оқушыларымыздың ардақты әжелері мен аналары ,ұлттық киіммен жарасым тапқан Айгүл,Ұлтай,Мереке атты апаларымыз да қатысып отырды.

Әжелерімізді мектеп-гимназия ұжымы "Асыл әже"әнімен қарсы алды.

Дәмі аузынан кетпестей немереге,

Балдай тәтті ұсынған көжелерің.

Қозғалған ақыл-ойдың кемесіндей,

Армысыздар,ақ шатырлы әжелерім.

«Әжелер мектебі»клубының қатысуымен өтіп отырған ,жас ұрпақ бойына әже өсиеті арқылы ұлттық құндылықтарымызды дарытатын «Әже, сенің ардақ тұтам есіміңді»тақырыбындағы тәрбиелік шараны мектеп-гимназия директорының тәрбие жөніндегі орынбасары,осы іс шараның ұйымдастырушысы Айсұлу Алтынбекова алғашқы сөз алып, ашып берді.

Айсұлу Аштарханқызының құттықтау сөзінен соң ,бірнеше облыстық өнер байқауларының жүлдегері Абдулла Ақарыс "Адай"күйін күмбірлете орындады.

Бүгінгі кездесуде

Әженің сөзі - ақылдың көзі дегендей ұрпақ тәрбиелеудегі әжелердің рөлі туралы сөз қозғалып,әжелеріміздің құнды әңгімелері тыңдалды.

Қыз бала- қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Қазақ халқы мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» деп тегін айтпаған. Халық аузындағы «қыздың жиған жүгіндей», «қыздың төккен кестесіндей» деген тіркестер қыз баланың нәзіктігін, шеберлігін, ұқыптылығын аңғартады.

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі қыз баланы тәрбиелеу деген сөз -ұлтты тәрбиелеу деген сөз.Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім – тәрбие арқылы өлшенеді.

Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзі әдеміліктің ,әдептіліктің,жан-жақты сұлулықтың сиволы ретінде қолданады.

Осы орайда әжелеріміздің келелі пікірлері тыңдалды .

Мұнан соң,"Анамның ақ жаулығы аппақ "әнін

мектебіміздің ұстазы Тілекеева Зауре орындады.

Әже отбасының ғана емес,әулеттің де ұйытқысы,ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы,кейінгі жастардың ,келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады.Бала ата-әжесінің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп,бағып қағады.Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік.

Бүгінгі іс-шараға қатысып отырған әжелеріміздің осы мектеп-гимназияда оқып жатқан немерелері ортаға шығып,әжелеріне Алғыс айтуы да жүрек тебірентерлік сәт болды.

Шынар қажы-апамыздың немересі,

Бексұлтан- қазақ күресінен Азияның 2 орын жүлдегері өзінің жүрекжарды тілегін айтса,

Айсұлу қажы-апамыздың немересі Абылай Айшолпан,

Оразтай Нұрбақыт тілектерін айтып,әжелеріне гүл шоқтарын ұсынды.

Мектеп -гимназия шәкірттері Аян,Диас Әже туралы өлеңдер оқыды.

"Қазақтың қызы"әнін Әділхан Зере орындады.

«Әже сенің ардақ тұтам есіміңді»атты .жиынға қатысушы әжелерімізге зор денсаулық,жанұяларыңызға мол бақыт, тілей отырып,іс шарамызды аяқтадық .Әжелерімізге мереке алдында ақ орамал жауып, естелік суретке түсу де ұмыт қалған жоқ.