Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

«Жасанды интеллект және заманауи білім беру: жаңа дәуір серігі» облыстық оқыту семинары өтті.

             

      Отырар ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушы, тренер Ильясова Гульзира Бахытбековна, қоғамдық-гуманитарлық бағыт кафедрасының аға оқытушысы Бименова Меруерт Тилеубергеновнаның басшылығымен Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия базасында «Жасанды интеллект және заманауи білім беру: жаңа дәуір серігі» облыстық оқыту семинары өтті. Мектеп-гимназияның бастауыш сыныптар бойынша Лилия Линова, Айгуль Жумабекова, Шынар Алдабергенова, Сара Есманова, Акмаржан Мейрманова, Мейрамкул Дуйсебаева, Нурлы Бакбергенова сынды шебер ұстаздары біліктілік пен шығармашылық үйлескен жоғары деңгейдегі ашық сабақтарымен тәжірибе алмасу ұйымдастырып, оқыту үдерісіндегі жаңашыл әдістерімен бөліссе, информатика пәнінің білікті маманы Күнімкөз Арыстанова мұғалімдерге ЖИ әдістерін оңтайлы пайдалану, практикалық дағдыларды жетілдіруге бағытталған құралдар мен әдістер тоғысқан шебер сынып өтті. Әр сабақта оқушылардың қарым-қабілеті мен белсенділігі көрініс тапса, мұғалімдермен ұйымдастырылған шебер сыныпта кәсіби дамудың тиімді жолдары тәжірибе мен қолданысқа ұсынылған тартымды алаңға айналды. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі, жасанды интеллект әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануы және жеке тұлғаға бағытталған озық оқытуы — сабақтардың нәтижелілігін арттырды. Семинар жаңашыл ұстаздардың тәжірибесін кеңейтуге, сапалы білімге қол жеткізу жолдарын нақтылауға үлкен үлес қосты.