"Жасампаздық пен Жаңашылдық айы"
аясында ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия КММ-де 2025 жылдың 02 ақпан күні "Қыз бала инабатты болу керек» тақырыбында 10-11 сыныптың қыздарына арналған жиналыс өткізілді.
Арнайы қыздар жиналысын жүргізген ДТІЖО-ы. А. Алтынбекова мен мектеп инспектор Д.Ерденова жиналыс барысында қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала - ертеңгі ана екендігі еске салды. Мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріліп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігі де баса айтылды.
Сонымен қатар,аутодустрективті мінез-құлық,ерте жүктіліктің алдын- алу, ішкі тәртіп ережесімен, көшелерде бей мезгіл жүрмеу туралы таныстырылды. интернет желісінде көп уақыттарын босқа жұмсамау тапсырылып, кеңестер берілді. Қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы да түсіндірме жұмыстары жасалды.





