Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА БЕТ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА БЕТ

2026 жылғы 15 наурыз – Қазақстан үшін ерекше тарихи күн болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және оны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.

Президент салтанатты жиында сөйлеген сөзінде бұл сәттің ел өміріндегі маңызын атап өтті:

«Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар. Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым», – деді Президент.

Менің ойымша, Конституцияны қабылдау – тек заңдық рәсім емес, бұл елдің дамуына стратегиялық бағыт беретін маңызды қадам. Пікірімше, жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттің демократиялық негізін бекемдейді.

Жаңа Ата заң 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді, ал Конституция күні жыл сайын 15 наурызда мемлекеттік мереке ретінде атап өтілетін болады. Бұл қадам, менің ойымша, елдің бірлігін нығайтып, азаматтардың мемлекеттік саясатқа қатысу деңгейін арттырады.

Президент өз сөзінде барша қазақстандыққа: «Еліміздің барша халқына Ата заңымыз құтты болсын дегім келеді!» деп тілек білдірді. Менің ойымша, бұл тек ресми сөз емес, ел болашағына деген сенімнің көрінісі.