Түркістан облысы, Отырар ауданы,Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 24. 09 2024ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Кошбагарова Ұлжалғас пен Жандарбек Арайдың ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылары арасында "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" тақырыбында Викториналық сұрақтар сайысы өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау, танымдық қабілеті мен білім деңгейін тексеру.
Дамытушылық: жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу мәдениетін, қабілетін, ой-өрісін дамыту, интеллектуалдық қабілетінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелілік: туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Сайыс 2 турдан өткізілді: "Бәйге","Жорға"
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер.
Сайысқа қатысқан оқушылар: Бейсенбай Б, Серік С, Сағындық К, Телғозы Н. Мұхамедьярова Айзере
Оқушылар екі турда да өздерінің білімі мен тапқырлығын, алғырлықтарын көрсете білді.