Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия КММ-де 2025 жылдың 21 қаңтар күні "Қыз бала инабатты болу керек» тақырыбында 8-11 сыныптың қыздарына арналған жиналыс өткізәлді..
Арнайы қыздар жиналысын жүргізген ДТІЖО-ы А. Алтынбекова мен педагог-психолог Б. Әжібек жиналыс барысында қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала - ертеңгі ана екендігі еске салды. Мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріліп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігі де баса айтылды.
Сонымен қатар, қыздардың интернет желісінде көп уақыттарын босқа жұмсамау тапсырылып, кеңестер берілді. Қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы да түсіндірме жұмыстары жасалды. Сондай-ақ, мектеп психологы Б. Әжібек қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарына қыз тәрбиесін басты назарда ұстау туралы ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.





