Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 8-11 сынып оқушылары арасында
2026 жылғы 4 ақпан күні сағат 11:00-де «Заң мен тәртіп”,”Қауіпсіз балалық шақ үшін” жобасы аясында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Тлемисов Даулет Бекбашұлының қатысуымен мектеп оқушыларына арналған тікелей эфирде кездесу өткізілді.
Кездесу АКТ залында 10-11 сынып оқушыларына ,биология ,физика кабинеттерінде 8-9 сынып оқушыларына ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушылардың “Құқықтық сауаттылығын арттыру”,”Құқықбұзушылықтың алдын- алу және болдырмау”,”Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қауіпсіздік”мәселелері, интернет қауіпсіздігі, “Буллинг”,
Кибербуллингтің алдын- алу” ,”Әлімжеттікті болдырмау”, ата-анасын,ұстаздарын сыйлау,достық қарым-қатынасты сақтау туралы мысалдар келтіре отырып,нақты ақпараттар айтылды.
Жоғары сынып оқушыларына “111 “ “Сенім” телефондары жұмыс жасап жатқандығын айта келе,толғандырған сұрақтары болса ұстаздарына айтуға болатыны немесе құқық қорғау органдарына сұрақ қоюға болатыны айтылды. Кездесу оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз.
“Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу” сабырлылық,сенімділік пен мейірімділік мәдениеті жайында мағлұматтар берілді.
Тікелей эфир соңында мектеп-гимназия директоры Т.Ж .Сарсенбаев оқушыларға эфирге байланысты сұрақтарды мәдениетті қоюға,бүгінгі айтылған мәселелерді жадыларында сақтауға мектепішілік тәртіп ережелерін сақтау жөнінде айтты.Сондай-ақ “Құқықбұзушылықтың алдын -алу және болдырмау” туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заң мен тәртіпті сақтау керек екендігі жан-жақты түсіндірілді





