Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА: «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА: «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

ОТ ТЕОРИИ К ПРАКТИКЕ: ПОЛИЦЕЙСКИЕ ДЕЛЯТСЯ ЗНАНИЯМИ С УЧАЩИМИСЯ КЛАССА «ЖАС САҚШЫ» В СКО

✅ Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп- гимназия КММ-нің «Жас сақшы» сыныбының оқушылары үшін тақырыптық сабақтар өткізді.

Ішкі істер органдарының тәжірибелі қызметкерлері Отырар аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрбеков Асхат, Отырар аудандық полиция бөлімі жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының инспекторы полиция лейтенанты Көшен Байғали Қарлыбайұлы оқушылармен кездесті. Жастармен әңгімелесу барысында офицерлер қазіргі заманғы алаяқтық схемалары, терроризм актілері туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік туралы айтып берді, сондай-ақ жолдардағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.

Бүгінгі технологиялар мен гаджеттер дамыған заманда интернет-кеңістіктің қыр-сырын меңгерген оқушылар бұл ақпаратты ұйып тыңдап, сұрақтарын қойды. Әсіресе, оларды скутерлер мен велосипедтерді қауіпсіз пайдалану ережелері, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту тәртібі қызықтырды. Полицейлер өз тарапынан нақты мысалдар келтіріп, тәжірибе барысындағы фактілерге тоқталды. Сондай-ақ оқушыларға бүгінгі кең тараған қылмыс – интернет-алаяқтық жайлы айтылды. Жастардың цифрлық сауаттылығы жоғаы болғандықтан, полицейлер оларға бұл қауіп туралы ересектерге, егде жастағы қарияларға айтуды сұрады.

«Жас сақшы» сыныбы 2024 жылғы желтоқсанда құқық, криминалистика және дене шынықтыру дайындығы негіздерін тереңдетіп зерделеу үшін құрылды. Полицейлер қатысып тұратын осындай кездесулер саналы азаматтарды, мүмкін, келешекте құқық қорғау органдарына қызметке келуге ниетті азаматтарды тәрбиелеуге маңызды үлес қоспақ.