“Түлектердің ағаш егу”экочеленджі
Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 2024-2025 оқу жылындағы
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жылдық жоспарына сәйкес,
TazaLike FEST аясындағы “Түлектердің ағаш отырғызуы” экочелленджі өткізілді.
20 наурыз бен 21 сәуір аралығында мектебімізде табиғатты аялауға бағытталған тамаша дәстүр жалғасын табуда “TazaLike FEST” іс-шарасы аясында түлектеріміз ағаш отырғызу эко-челленджіне белсене қатысты. Бұл бастама – қоршаған ортаға жанашырлықтың, туған жерге деген сүйіспеншіліктің және мектеп қабырғасында өткен жылдарға ризашылықтың нақты көрінісі.
Әр отырғызылған ағаш – естеліктің белгісі. Ол жылдар өте келе тамырын тереңге жайып, биікке ұмтылады, дәл біздің түлектеріміз сияқты. Бұл ағаштар мектеп ауласын көгалдандырып қана қоймай, келешек ұрпаққа үлгі болары анық.
"Табиғатқа титтей де болса жақсылық жаса – болашаққа жол ашасың!" – деген ұстаныммен, түлектеріміз өздері оқыған мектептеріне жасыл мұра қалдырды.
Мектеп тек білім мен тәрбие ордасы емес, ол – өмірге бағыт беретін қасиетті мекен.
#түлек2025 Отырар аудандық білім бөлімі