Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

"Ұстазым -ұлы тұлға"атты мерекелік кеш болып өтті.

Бүгін Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп -гимназияның АКТ залында технология пәнінің жоғары санатты мұғалімі ,ұлағатты ұстаз Мамыт Жаңабек Ерденқұлұлының 63 жасқа толып,зейнеткерлікке шығарып салу құрметіне арналған "Ұстазым -ұлы тұлға"атты мерекелік кеш болып өтті.Ұстазға арналған іс шара "Өнер"еңбек бірлестігі мұғалімдерінің қошеметімен Жаңабек ағайымызды ортаға алып ,сахна төріне құрметтеп шығуымен басталды.Кеш иесін көрермендер де шапалақ ұрып,орнынан тұрып қарсы алды , "Ұстазым"әнін бүкіл ұжым болып орындады.

Ұстаздың өнегелі өмір жолына назар аударсақ:

Мамыт Жаңабек Ерденқұлұлы 1963жылы 1-қаңтарда Отырар ауданы Темір ауылында туған.

1980 жылы орта мектепті бітірді.

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық институтының жалпы техникалық білім және еңбек факультетіне қабылданды.1984-1988.

1988жылдан Ш .Қалдаяқов (Ленин)атындағы ортамектебінде мұғалім болып жалғастырып келеді. Ж.Мамыт ұстаздық еткен жылдарында жас ұрпақты оқытып,тәрбиелеуде белсенді жұмыс атқарды.Жаңабек ағайымыз "Ұлттық қолөнерді оқытуда технологиялық карталарды пайдалану" негізінде шығармашылық жұмыс атқарып келеді.

2003жылы Облыстық Білім департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2003 ж.Технология "пәнінен 5-сыныпқа арналған тестік тап ырмалар жинағы аудан көлемінде таратылды.

2003ж.Ауыл жылына"арналған облыстық көрмеде 2-ші орын.

2004ж.Ә.Қастеевтің 100жылдығына арналған облыстық қолөнер көрмесінде 3-ші орын.

"Отырар таланттары-2004"өнер фестивалінде 2-ші орын.

2005ж."Отырар таланттары-2005"Халық өнер фестивалінде 1-ші орын.

2005ж.ОҚО"Тауар өндірушілер форумында "лауреаттық диплом.

2005ж.ОҚО Әкімінің 2006жылғы стипендиаты.

2006-2007ж .Оқушылардың Алтын ғасырдың алтын ұрпақтары"қолөнер көрмесінде 1-ші орын.

2007ж.Аудандық "Халық өнері-асыл қазына" Мұғалімдер олимпиадасында 2-ші орын.

2007-2008ж."Аталар жолы-жас ұрпаққа мұра" өнер фестивалінде 1-ші орын.

2008ж.Отырар аудандық Әл-Фараби телеарнасы Жаңабек Мамыт шығармашылығы туралы хабар түсірді.

"Мектептегі технология"журналында мақалалары жарық көрген.

2006ж,/2,2008ж/7.

2011ж."Оңтүстік көркі-Красота Юга"қолөнер шеберлері көрмесінде 2-ші орын.

2012ж.ОҚО 80жыл."Құт мекенім- Оңтүстік "көрмесінде Диплом.

2013ж."Тарихқа толы мәдени өлке-Оңтүстік"оқушылар өнер фестивалінде 1-ші орын.

2013ж.ОҚО Білім басқармасының

Дипломы.

2014ж.Аудандық оқушылардың қолөнер көрмесі "Алғыс хат".

2014ж."Асыл мұра-мол қазына"ғылыми-тәдірибелік семинар Мақтау қағазы.

2015ж.Оқушылардың өнер фестивалі 2-ші орын.

2015ж."18-Мамыр-Халықаралық Мұражайлар күніне" арналған аудандық қолөнер шеберлері мен суретшілер жәрмеңкесінде 1-ші дәределі Диплом.

2016ж.ОҚО Білім басқармасының Мақтау Грамотасы.

2016ж. ОҚО Білім басқармасының Алғыс хаты.

2017ж.Аудандық Білім бөлімінің Алғыс хаты.

2017ж.Аудан әкімінің Алғыс хаты.

Алғашқы құттықтау сөз мектеп-гимназия директоры Талғат Жұматайұлына берілді .Талғат Жұматайұлы ұстаздың ерен еңбегіне тоқталып ,шығармашылық табыс,зор денсаулық ,отбасына амандық тілеп, мектеп әкімшілігінің Адресатын тапсырды. Мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы Ұлданай Шындалиева ,кәсіподақ мүшелері Серғали Киізбаев,Айсұлу Алтынбекова сый-сияпат тапсырып,ұстаздың иығына өрнекті шапан жапты.Кештің қадірлі қонақтары Отырар ауданының Құрметті азаматы ,суретші -ақын,сазгер,кеш иесінің сыныптас досы Әділхан Мәлік көптің көңілінен шыққан арнау өлеңін оқыса, жездесі Тоқтар аға,"Оңтүстік Қазақстанның "тілшісі,қаламы қарымды журналист Айгүл Мамыт,Гүлбазар,Зира,Күлайхан,Күлән апайларымыз құттықтау сөз сөйлеп,Жаңабек -ұстазға мықты денсаулық,ұжымға зор алғыстарын білдірді.Серік,Серғали ағайларымыздың бастамасымен

Ер мұғалімдеріміздің Жаңабек ағайымызға арнайы дайындап келген арнау әні де өте әсерлі шықты.Жаңабек ағайымыз сонымен қатар мектеп-гимназияның Әнұранының сөзін жазған.Бүкіл ұжым құрмет көрсете отырып ,орнынан тұрып Әнұранды шырқағаны да керемет көрініс болды.

Мектеп-гимназия директорының орынбасарлары Серғали Киізбаев,,Кенже Байжанова,Фарида Сыпатай,Айсұлу Алтынбекова ,Ербол Сапарбаев,Меруерт Омарова,Болат Меңлібев,Маржан Үмбетова,Талғат Әбікеев ұлағатты ұстазға ізгі тілектерін білдірді.

40 жылға жуық бірлесе жұмыс жасаған Жаңабек ағайымыздың бірлестігі Сәуле Құрманбаева апайымыз жетекшілік ететін "Өнер"еңбек пәні мұғалімдері де жүрекжарды тілегін білдірді. Мектебіміздегі ұжымдас Жанат апай,Рима апайлар бастаған қарындастары мен келіндері де сөзге шығып ағайымызға сый -сияпатын тапсырды.

Кеш соңында Жаңабек ағайымыз атсалысқан ұжымға ,мектеп басшылығына,ер мұғалімдер тобына алғысын білдірді.

Бүкіл ұжым тұрғандай -ақ бас иіп,

Жаңабектей ұстазымызға бөлекше.

Баянды бақыт тілейін бе өлеңмен,

Сіз онсыз да бақыттысыз ерекше.

Сіз ұстазсыз! алтын әріппен жазылған,

Шәкірттерін үйіріп әкетер табанда.

Сағынғанда келу үшін шаршамай,

Зор денсаулық тілейінші одан да.

Жүрекке сенім, келер күнге айбатты,

Қажымас қайрат тілейінші тағы да,

Орын алған жүрегінен шәкірттің,

Сіз ұстазсыз туған елдің бағына!

Отбасыңыз аман болсын жаныңда,

Несібесін қуаныштан жиғасын.

Жақсылықтар ала келіп келер күн,

Зейнет жасыңыз тек шаттығын сыйласын.

Деген өлең жолдарымен кешімізді аяқтадық.

Мұнан соң ,Жаңабек Мамыт Ерденқұлұлы атындағы 302-нші ұл балалардың еңбек кабинетінің ашылу салтанаты өтті.Кабинет лентасын Отырар ауданының Құрметті азаматы ,ақын-суретші Әділхан Мәлік,мектеп-гимназия директоры Талғат Жұматайұлы және Жаңабек ағайымыздың жездесі Тоқтар аға қиып ,игі тілектерін білдірді. Шашу шашылды,жаңа ашылған кабинет шәкірттеріміздің игілігі үшін жұмыс жасай береді деген ойдамыз.