Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сәйкес "Ұстаздар күні"мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында республикалық" Даналық ұстаздан"челленджі Ұстаздар күніне арналған "Дублёр күні"өткізілді.
Мақсаты:
мектептегі өзін- өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көпбасшылық қасиеттерін ашу, және білім алушылардың ұйымдатырушылық қаблеттерін іске асыру.
Дублер күнінің міндеттері:
1) білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту;
2) білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қалыптастыру;
3) барлық параллельдердің білім алушылары арасындағы достастықты нығайту;
4) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
5) білім алушыларда жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу;
6) білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;
7) білім беру процесіндегі кері байланыстың жаңа нысандарын ұйымдастыру, білім алушылар мен педагогтердің мектептегі білім беру процесінің жай-күйін кешенді бағалауы Оқушылар ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқарды. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар "Дублер күні" алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікірлерімен бөлісті.
Дублер күні - оқушылар мұғалім болып, өзін-өзі басқара алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезінді.