Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

Шабыт" жобасы аясында сыныптан тыс үйірме жұмыстарының онкүндік іс-шарасы басталып, “Күзгі сый”, "Роботтар әлемі" тақырыбында көрме жұмыстары қойылды. Көрмеге оқушылар күздік өнімдер мен қолөнер жұмыстарын қойды.

Ш.Қалдаяқов мектеп-гимназиясында 2024-2025 оқу жылында "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру мақсатында, 149 бұйрығын негізге ала отырып "Шабыт" жобасы аясында сыныптан тыс үйірме жұмыстарының онкүндік іс-шарасы басталып, “Күзгі сый”, "Роботтар әлемі" тақырыбында көрме жұмыстары қойылды. Көрмеге оқушылар күздік өнімдер мен қолөнер жұмыстарын қойды.

Мақсаты: «Арпа бидай ас екен, асыл күміс тас екен» - демекші, Күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттау. Оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру.

«Күзгі сый» мерекесі жылдағыдан ерекше өтті. Күзгі піскен көкөніс пен жеміс-жидек, қолдан жасалған жұмыстар, өсімдіктерден жасалған әртүрлі мүсіндер мен гүл шоқтары көрменің көркін аша түсті. Көрмеге оқушылар белсене қатысты.