Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гипмназиясында “15 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау” күніне орай мектебіміздің 8”г” сыныбы оқушылары мектеп ауласында орналасқан “Мәңгі ел есінде” ескерткішін жуып тазалап,арам шөптерді жұлып, қоқыстарды тазалады.
«Батыр бабаларымыздың ерлігі-ұрпаққа үлгі.Олардың рухына тағзым ету,есімін ұлықтау-біздің азаматтық әрі адамгершілік парызымыз.Бұл игі істер жас ұрпақтың жүрегіне отанға деген сүйіспеншілікті ұялатып,тарихымызды ұмытпауға зор ықпал етеді».
Киелі мекеніміздегі тарихи жәдігерлер мен ескерткіштердің жан-жағын абаттандыру,құрметтеу жас ұрпақтың міндеті деп білеміз.