Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 15.04.2025 жылы 8-9-10-11 сынып оқушылары арасында Отырар аудандық “Жасөспірім” жедел профилактикалық іс-шарасы 10.04-06.05 мамыр аралығында өтіп жатқандығы туралы оқушылар арасында жиын өткізілді.
Жиын барысында мектеп инспекторы Қапалбайұлы Бақытжан,Отырар АПБ,ЖПБ жедел уәкілі полиция капитаны Әбзейітов Өмірбек,Отырар АПБ,ЖПҚб-ның инспекторы полиция капитаны Ерденова Динара,Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Жақсылық Ақнұр “Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау,оқушылардың көше мәдениеті,сабақтан себепсіз қалмауы,кешікпеуі,мектеп формасының сақталуы,түнгі беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуі,кафелерде тб жерлерде жұмыс жасамауы ,көлік құралдарын басқармауы туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Қыздар тәрбиесі,сабаққа қыздардың мектеп формасын сақтауы,мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындауы туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қымбатты ата-аналар ұл-қыздарыңызды қадағалаңыздар.Балаларды бірігіп қорғайық!