Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияда оқушыларды ыстық тамақпен қамту жүйелі жүргізілуде

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияда оқушыларды ыстық тамақпен қамту жүйелі жүргізілуде 🍽️

Мектеп-гимназияда оқушылардың денсаулығы мен сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау – басты басымдықтардың бірі. Осы бағытта әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Атап айтқанда, мектепте 1–4 сынып оқушылары күнделікті бір мезгіл ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілуде. Бұл игілікті шара аясында 330 бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық аспен қамтылып отыр.

Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен, АСП (атаулы әлеуметтік көмек) алатын отбасылардан шыққан 8 бала да осы қолдау шарасына енгізілген. Нәтижесінде, жалпы саны 338 оқушы күн сайын теңгерімді әрі құнарлы ыстық тамақ ішіп, денсаулығын нығайтуға мүмкіндік алуда.

Мектеп әкімшілігі оқушылардың дұрыс тамақтануы – олардың оқу үлгерімі мен жалпы дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор екенін ескере отырып, бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстайды. Берілетін ас мәзірі санитарлық талаптарға сай, бала ағзасына қажетті дәрумендерге бай түрде ұйымдастырылған.