Түркістан облысы, білім басқармасының 2024 жылдың 14-25қазан күндері аралығында «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын жетілдіру» жобасы аясында «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалды сауаттылық, патриотизм» тақырыбындағы онкүндіктің шеңберінде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ешанқұлова Алтынай 17.10.2024жылы жоспарға сәйкес «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақ барысында ресми стильдің ерекшелігі мен тілдік бірліктеріне тоқталып, келісімшарт, өтініш, хаттама, өмірбаян жазудың үлгілеріне талдау жүргізді.