"Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп- гимназия" КММ
Сейсенбі күндері өткізілетін апталық жаттығу — салауатты өмір салтына жасалған қадам.
Біздің мектебімізде білім алушылардың денсаулығын нығайтуға және белсенді өмір салтына дағдыландыруға бағытталған сейсенбі күндері өткізілетін апталық таңғы жаттығу игі дәстүрге айналды.
Аталған апталық шеңберінде мектеп оқушыларының белсенділігін арттыру, денсаулығын нығайту және күнделікті спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында таңғы жаттығу өткізілді. Таңғы сергіту жаттығуларына оқушылар мен мұғалімдер белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде бастады.
Шара барысында дене қимыл-қозғалыстары жүйелі түрде орындалып, оқушылардың сергектігі мен жұмысқа қабілеттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Мұндай жаттығулар оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, күнді тиімді әрі сергек бастауға мүмкіндік береді.
Денсаулық апталығы аясында алдағы уақытта да түрлі спорттық жарыстар, сынып сағаттары және денсаулыққа бағытталған тәрбиелік іс-шаралар жалғасын табады.





