Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп- гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, Жанар Әбсаттарова Рахымжан Қошқарбаевтың туылғанына 100-жыл толуына орай "Рахымжан Қошқарбаев Рейхстагқа тігілген ту" тақырыбында 8 "А" сынып оқушыларымен біріңғай сынып сағаты өткізілді.Рахымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Тайтөбе ауылында дүниеге келген. Әскер қатарына 1942 жылы алынып, 1944 жылы Фрунзедегі жаяу әскер училищесін бітірді. Майдан даласына да осы жылы аттанған.
1945 жылы 30 сәуірде лейтенант Рақымжан Қошқарбаев жауынгер Григорий Булатов екеуі Совет әскері арасынан Берлиндегі Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тікті. Бірақ Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі көп жылдар бойы еленбей келді.
Қошқарбаевты Мәскеу бағаламаса да, туған елі төбесіне көтерді. Батырға тәуелсіздік алғаннан кейін, 1999 жылы мамырдың 7-сінде сол кездегі президент Н. Назарбаевтың Жарлығы бойынша Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді.Ал Ресейдің Әскери тарих институты 1-і Беларус майданындағы 150-і атқыштар дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаевтың және Григорий Булатовтың 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстагқа ту тіккені туралы тарихи оқиғаны 2007 жылдың 7 мамырында ресми түрде растады.Қошқарбаевтың осынау ерлігін алғаш болып әлемге әйгілеген мемлекет қайраткері, жазушы Кәкімжан Қазыбаев болатын. Ол Бауыржан Момышұлының тапсырмасы бойынша Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі лайықты бағасын алуы үшін көп еңбектеніп, көп ізденді. Қазақ жауынгерінің дәл сол сәттегі әрекетін дәлелдейтін жүзден астам құжатты тауып, көтеріп, шетелдік басылымдарда да жариялануына түрткі болды.