Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

Осы онкүндік аясында мектебімізде "Жарқын болашақ жұлдыздары"атты этнос ұлт өкілдеріне арналған кеш болып өтті.

Осы онкүндік аясында мектебімізде "Жарқын болашақ жұлдыздары"атты этнос ұлт өкілдеріне арналған

кеш болып өтті.

Мақсаты: халықтар достығын нығайту, жарқын болашақ жұлдыздарының өнерін дәріптеу, оқушылар арасында насихаттау.

Құндылығы: әр оқушының бойында ынтымақ, достық, қарым-қатынастар сезімдерін ояту.

Қ.Р.Журналистер одағының мүшесі ,журналист,мектебіміздің түлегі Ерсұлтан Әмірбек Жол-жөнекей "осы іс шараға қатысып,жалпы ұжымға,ұстаздарға игі тілегін білдірді.

Мектеп-гимназия бишілер тобының орындауындағы "Қазақ биімен"кеш шымылдығы ашылды.

Елімізде тұрып жатқан жүзден астам этнос ұлт өкілдерін кезінде кең-байтақ қазақ жері құшақ жая қарсы алды. Бауырлас халықтар біздің салт-дәстүрімізге құрметпен қарап, тілімізді қадір тұтып, туғандай болып бірге жүр. Ата-бабамыз сақтап келген ауызбірлік пен ынтымақты біз де, бізден кейін ұрпақ та сақтауы керек. Сонда ғана елімізде бейбіт өмір, жат көңіл, жайқалған дала, гүлденген қала болмақшы.Киелі Отырар елінде де түрлі этнос өкілдері тұрады.Біздің мектеп-гимназияның ерекшелігі – этнос өкілдерінің ұл-қыздарына білім беріп, оларды биікке көтеруде.

Бұл – үлкен жұмыс- ұстаздарымыздың еңбегі.

іс-шарамыздың мақсаты: ұстаздар еңбегін, сол арқылы мектебіміздің жұлдыздары Петрякова Тания Крейник Ольганы,Клименко Алёнаны ,Колесник Артёмді жарқыратып алдарыңызға шығару еді... Жарқыраған жұлдыздарымыздың ұстаздары – Әуелбекова Жанат апайымыз, Ешанқұлова Алтынай апай,Ыбырайым Сәуле апайымыз және Рахимова Жұлдыз апайларымыз.

іс -шараны ашып беру үшін мектеп-гимназия директоры Талғат Жұматайұлына және оқу ісі жөніндегі орынбасар Фарида Қыдырәліқызына сөз кезегі берілді.

Республикалық "Бала шешеннен дана шешенге"байқауының бас жүлдегері

Жәутік Асылжан арнау өлеңін жолдады.

Ұстаз еңбегі – шәкірттерімен көрінеді.. Биыл мектебіміздің бітіруші сыныптарында оқитын Петрякова Татьяна -бірнеше облыстық пәндік олимпиадалардың жүлдегері,Астана қаласында өткен "Мың бала" Елім-ай байқауының Дипломы мен алғыс хатымен марапатталған.Жетекшісі: ұлағатты ұстаз Әуелбекова Жанат.

Ал,бітіруші түлегіміз-Крейник Ольга ______________ облыстық, республикалық конкурстар жүлдегері. Көркем шығармашылық сюжеттік қыл-қаламмен өрнектеу жанрының жеңімпазы, «Жарқын болашақ» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы, республикалық кезеңге қазіргі кезде дайындық үстінде.Елім-ай" Мың бала байқауының диплом ,алғыс хат иегері.жетекшісі-Ешенқұлова Алтынай апайымыз.

Тания мен Оля да қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиада жүлдегерлері, сондай-ақ,Мұқағали оқуларының жүлдегерлері.

Таня мен Оляның ізбасары -қазақ тілі мен әдебиетінен өткен бірнеше пәндік олимпиада жүлдегері Клименко Алёна - ұлағатты ұстаз Ыбырайым Сауле апайымыздың шәкірті.

Білімді де өнерлі шәкірттеріміз туралы арнайы жасалған бейне суреттер көрсетілді. Он саусағынан өнері тамған жұлдыздарымыз-Таня мен Оля әңгіме желісін суретпен бейнелеп салу бойынша өнерді өмірмен байланыстырады.

Осы өнерді кейінгі оқушыларға үлгі етеді. Ұстаздары Алтынай мен Жанаттың бағыт беруінің нәтижесінде екі шәкірт те байқауларда бас жүлделерді иеленуде.

Таня мен Оляның сурет көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Біліммен қатар қылқаламды серік еткен -

Таня мен Оляны ұстаздарымен бірге

ортаға шақырып,арнайы дайындаған"Ұстазым"әні шырқады.

Екі жұлдызымыздың ұстаздарына арнап қылқаламмен өрнектеген сыйлықтары табысталды.

Мұнан соң Ақарыс,Жансерік,Нұрбек

Құрманғазының күйі "Адайды"орындады.

Көптеген шәкірт тәрбиелеп, мерейін үстем еткен ұлағатты ұстаз ,шәкірті- Клименко Алёна бірнеше пәндік олимпиада жүлдегері.-Ыбырайым Сауле апайымызды және Рахимова Жұлдыз апайларымыз шәкірттерімен ортаға шығып,ізгі тілегін білдірді.

Алёна- Оля мен Таняның ізбасары,Сауле апайының жұлдызы.

Өнерлі де ,білімді шәкірт-Артёмнің орындауында Абайдың әні"Көзімнің қарасы"әні тыңдалды.

8"г сыныбының өнерлі қыздарынан құралған"Жұлдыздар"тобының орындауында частушка әнінің ізімен жазылған арнау әні көпшілік көңілінен шықты..

Болашақты жарқын ету үшін де,

Бұл мектептен шыға берер ұл-қыздар.

Жарқырай бер, тәлім алған ұстаздан,

Отырарлық ұл-қыздар!

Деген тілекпен іс шарамыз мәресіне жетті .

Видео 1 Видео 2