Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

"Оқитын сынып" жобасы аясында

         Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия кітапханасында "Оқитын сынып" жобасы аясында 2026 жылдың 27 қаңтарда 7"ә" сынып оқушыларымен Кенес Одағының батыры,қазақ халқының көрнекті жазушысы,Халық қаhарманы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы,қызметіне арналған "Дара тұлға -Бауыржан Момышұлы"атты шығармашылық сағат өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға Бауыржан Момышұлының ерлікке толы өмір жолын , ерлігін,шығармаларын таныстыра отырып, батылдыққа , Отан сүйгіштікке , адамгершілік ке тәрбиелеу.

Шара барысында оқушылар батырдың өмірбаяны мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі, қолбасшылық қабілеті және жазушылық жолы туралы мағлұмат алды.Оқушылар Бауыржан Момышұлы туралы оқыған кітаптарымен ой бөлісті.