Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 17.12.2025 жылы ,Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Төлеген Нұржанның қатысуымен 8-11 сынып оқушылары арасында жиын өткізілді. Жиналыс барысында оқушылар арасында “Құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау” ,”Әлімжеттіктің,”Оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында және Жаңа жыл” мерекесіне орай Өрт қауіпсіздігі, мұз үстіндегі қауіпсіздік,түнгі беймезгіл уақытта жүрмеу, пиротехникалық жарылғыш заттарды пайдалануға тыйым салынғандығы туралы түсіндірілді. Үйлерде,кафелерде жаңа жылдық іс-шаралар өткізуге болмайтындығы таныстырылды.Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын- алу және қоғамдық тәртіпті нығайту.
Сонымен қатар, мұз үстіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланып, жұқа мұзға шығудың қауіптілігі, балалардың қараусыз қалмауы, төтенше жағдайда әрекет ету тәртібі туралы кеңестер айтылды.
Жиын соңында мектеп-гимүазия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Меңлібаев пен А.Алтынбекова оқушыларға жаңа жыл кештеріне ақша жинауға тыйым салынатындығы,әлімжеттікті болдырмау,сақтық шараларын қатаң сақтау,қауіпті жағдайларды дер кезінде 102,111 номерлеріне хабарласуды, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.





