Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

лаяқтық”,“Құқықбұзушылықтың алдын -алу”,”Зорлық -зомбылықтың алдын алу және болдырмау” мақсатында 8-11 сынып оқушылар арасында жиналыс өткізілді.

Түркістан облысы

Отырар ауданы

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 02.02.2026 жылы “Қауіпсіз балалық шақ” жобасы аясында «Нашақорлықтың алдын-алу”,”Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу”,”Буллинг”,”Кибербуллингтің алдын-алу”,”Әлімжеттікті болдырмау”,”Лудомания”(ойынқұмарлық), “Алаяқтық”,“Құқықбұзушылықтың алдын -алу”,”Зорлық -зомбылықтың алдын алу және болдырмау” мақсатында 8-11 сынып оқушылар арасында жиналыс өткізілді.

Жиналысқа

Отырар АПБ кадр жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі: Нұрбеков Асхат,

Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ-ң инспекторы полиция капитаны,мектеп инспекторы Д.Ерденова,Отырар аудандық АПБ, КПБ-ның бастығы, полиция майоры Сейдехан Әлшері,Отырар АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКТ аға инспекторы полиция капитаны Надирова Зүбайра,

мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: А.Алтынбекова,Б.Меңлібаев, мектеп мінезгері Б .Әжібек,

8-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

1. «Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік, құқықбұзушылық және нашақорлық, лудомония мен буллинг (зорлық зомбылықтың) алдын алу шаралары туралы»

2. «Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы»

3. «Әлеуметтік желілер: пайдасы мен зияны» интернет қауіпсіздік туралы оқушыларға хабарлау, түсіндіру.

Жиналысты тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Меңлібаев ашып, күн тәртібіндегі мәселені мектеп оқушыларына таныстырып өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Отырар АПБ кадр жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі: Нұрбеков Асхат сөз алып кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізіліп отыратындығын таеыстырды.Оқушыларға «Нашақорлық, буллингтің алдын-алу,лудомания, құқық бұзушылықтың алдын-алу , зорлық -зомбылықтың алдын -алу»тақырыбында Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы жасалатын қылмыстардың алдын- алу мақсатында рейдтік профилактикалық іс-шаралардың жүргізіліп жатқандығы айтылды.Күнделікті жүргізіліп жатқан рейд барысында, басқа кездерде де ешқандай құқықбұзушылыққа жол берілмейтіндігі айтылды.Мектеп оқушыларының себепсіз 10 күннен артық сабақтан қалған жағдайда, құмар ойындар ойнаған жағдайда,темекі өнімдерін сатып алып тұтынса оқушы есепке алынып ата-анасына айыппұл салынатындығы түсіндірілді.Жолда жүру ережелері,түнгі беймезгіл уақытта сенімді өкілінсіз көшеде жүрмеу мен балалардың жеке қауіпсіздіктері мен құқықтары жан-жақты таныстырлған жиын болды.Сондай-ақ жиын барысында оқушылар мен кері байланыс орнатылып,полиция мамандығын таңдау үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап берілді.

Зорлық-зомбылықтың алдын-алу маұсатында З.Надирова оқушыларға отбасылық зорлық-зомбылық,әлімжеттік тб мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынға мектепішілік “Жас сақшы” ұйымының мүшелері де белсенді қатысты.