Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

«ХУЛИНГАНКА» және «КІТАП БЕТ БЕЛГІЛЕРІ ЕМЕС» тақырыбындағы фильмдер — ОЙҒА ЖОЛ АШАТЫН КИНОТАЛҚЫЛАУ

«ХУЛИНГАНКА» және «КІТАП БЕТ БЕЛГІЛЕРІ ЕМЕС» тақырыбындағы фильмдер — ОЙҒА ЖОЛ АШАТЫН КИНОТАЛҚЫЛАУ

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия

Біртұтас тәрбие бағдарламасы «Заң және тәртіп» айлығы аясында 8-11сынып оқушыларына «Не книжные закладки» және «Хулиганка» атты қысқа кадрлы құқықбұзушылыққа байланысты фильмдер көрсетілді.

Аталған бейнематериалдарда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, буллинг, жауапкершілік, таңдау еркіндігі мен оның салдары сияқты өзекті мәселелер қозғалды. Фильмдерді тамашалағаннан кейін оқушылар өз ойларымен бөлісіп, өмірлік жағдайларды талқылап, дұрыс пен бұрысты ажырата білу, заңға бағынудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Шараның басты мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпке құрмет сезімін қалыптастыру, қоғамдағы әрбір әрекет үшін жауапкершілік бар екенін түсіндіру. Осындай тәрбиелік бағыттағы кездесулер оқушылардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.