Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Құрметті ата-аналар!

Түркістан облысы

Отырар ауданы

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі Жаңа жыл мерекесін өткізуге байланысты Жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мақсатында төмендегі ережелерді ресми түрде хабарлайды.

Мектеп аумағында және білім беру үдерісіне қатысты кез келген іс-шара барысында ата-аналар тарапынан ақша жинауға, материалдық сыйлықтар ұсынуға, қандай да бір қаржылай немесе заттай қолдау көрсетуге қатаң түрде тыйым салынады.

Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы болып табылады және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 247-бабына сәйкес заңды жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екендігін ескертеміз.

Мектеп ұжымы үшін ең үлкен құндылық білім алушылардың қауіпсіздігі, тәртібі, сапалы білімі және ата-аналармен өзара сыйластыққа негізделген ынтымақтастық. Мұғалім үшін ең бағалы алғыс оқушының жетістігі, тәрбиесі мен болашағына деген ортақ жауапкершілік.

Педагогикалық ұжымға деген құрметті жылы лебіз, шынайы құттықтау және ізгі тілектер арқылы білдіру жеткілікті екенін назарларыңызға ұсынамыз.

Мектеп мұғалімдерінің міндеті әрбір білім алушыға сапалы білім мен саналы тәрбие қалыптастыру. Осы мақсатта мектеп пен ата-ана арасындағы ашықтық, адалдық және заң талаптарын сақтау – басты қағида екенін естеріңізге саламыз.

Қымбатты ата-ана,оқушы заң талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін жағдайлар орын алған жағдайда, мектеп әкімшілігіне дер кезінде хабарлауларыңызды сұраймыз.

Заң мен тәртіп талаптарын сақтауларыңызды сұранамыз!

Құрметпен,

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия директоры

Талғат Жұматайұлы Сарсенбаев

Ұялы телефон: 87052464322