«Күзгі асар» жәрмеңкесі – адал еңбектің мерекесі! ![]()
![]()
![]()
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағыты аясында,
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша
1-4сынып оқушылары арасында «Күзгі асар» жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мақсаты:
– оқушыларды адал еңбекке баулу,
– еңбектің қадірін ұғындыру,
– ұйымшылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу,
– ата-ана мен баланың бірлескен жұмысын қолдау.
Іс-шараны ұйымдастырғандар:
ДТІЖО – А. Алтынбекова
Ұйымдастырушы педагог –
З. Тилекеева
Өту барысы:
Жәрмеңкеде әр сынып өздерінің қолымен дайындаған күзгі өнімдерді, тәттілер мен қолдан жасалған бұйымдарды ұсынды. Балалар сатып, саудаласып, өз өнімдерін таныстырып, белсенділік танытты. Бұл – олардың жауапкершілігін, қарым-қатынас дағдысын және еңбекке деген құрметін арттырды.
Іс-шара соңында ерекше белсенділік танытқан оқушылар грамоталармен марапатталды. Бұл – олардың еңбегі мен талпынысына берілген әділ баға!
«Күзгі асар» – балаларды адал еңбекке баулып қана қоймай, шынайы өмірлік тәжірибе сыйлаған құнды тәрбие сабағы болды.





