“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП”
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында “ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ” ЖИЫНЫ ӨТТІ
Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында Отырар ауданының білім бөлімінің 22.09.2025жылғы 41-10/1038-ші хатына сәйкес 25-26.09 күні
8-11сынып оқушылары арасында “Құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау” мақсатында жиналыс өткізілді.Жиналысқа Отырар аудандық АПБ,КПН-ның жедел уәкілі,полиция аға лейтенанты Е.Әметхан,Отырар аудандық АПБ,ЖПҚб-ның инспекторы полиция каптианы,мектеп-гимназия инспекторы Д.Ерденова, мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Меңлібаев,А.Алтынбекова,
педагог ұйымдастырушы З.Тилекеева,мектеп тәлімгері Г.Қанаева,сынып жетекшілерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыстың мақсаты:“Құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау”,
“Құқықтық сауаттылықты арттыру”,”Құқықтары мен міндеттерді түсіндіру”. Жиналыста арнайы аудан прокуратурасынан жолданған
“Заң және тәртіп” туралы слайдттар көрсетіліп,құқық бұзу деген не?,вандализм деген не?,қылмыстық жауаптылық ,буллинг,бұзақылық,ұрлық ,нашақорлықтың алдын-алу,алкагольді ішімдік ішудің алдын-алу,табиғат аясындағы өрт,суға түсу ережелерін сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.





