Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

“Қазақстанда өлім жазасы қолдану керек пе?” тақырыбында пікірсайыс -дебат өткізілді.

Түркістан облысы, Отырар ауданы “Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20 қаңтар күні 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен "Заң мен тәртіп" жобасы аясында “Қазақстанда өлім жазасы қолдану керек пе?” тақырыбында пікірсайыс -дебат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты-оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Дебат барысында екі тарап өз ұстанымдарын қорғады.

Бірінші тарап «Қазақстанда өлім жазасы қолданылуы керек» деп жақтап шықса,екінші тарап өлім жазасы мүлдем қолданылмау керек» – деген ұстанымдарын дәлелдеуге тырысты.

Өлім жазасына мораторийдің жария­ланғанына биыл жиырма үш жыл толып отыр. 2003 жылдың желтоқсан айында өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрімен ауыстыру жөніндегі Жарлыққа қол қойылған болатын. Содан бергі уақытта қылмыстық алаңда не өзгерді? Бүгінгі күні бұл туралы қоғамда қандай пікірлер айтылуда? жалпы , мораторийдің өмір бойы жарияланбайтынын ескерсек, онда мәселенің бір жағына шығатын уақыт келгендігін байқаймыз. Осы орайда өлім жазасын қалдыру керек пе, әлде одан бас тартатын кез жетті ме деген мақсатта ой қорытуға тура келеді.

Төрешілер өз пікірлерін білдіріп, қатысушыларды марапаттады.