Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 08.09.2025 жылы сағат 10:30-да 8-11сынып оқушылары арасында Отырар ауданының прокуратурасының 2025 жылғы 02.09 күнгі -2-12-25-00811 санды хатына сәйкес “Қауіпсіз балалық шақ” жобасы аясында жиналыс өткізілді.Жиналысқа аудан прокуратурасының мамандары,АІІБ-нің қызметкерлері ,жасөспірімдер полициясының аға инспекторы,подполковник Талғат Меңлібаев,мектеп инспекторы,полиция капитаны Ерденова Динара,аудандық білім бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Алимжан Баирбеков,мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,ұйымдастырушы педагог,мектеп тәлімгері,психологтар мен сынып жетекшілері қатысты.
Жобаның мақсаты: балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу,әлеуметтік және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету,”Нашақорлықтың алдын-алу”,ойынқұмарлықты болдырмау,”Ерте жүктәліктің алдын-алу”, түнгі беймезгіл уақытта көшеде,кафелерде жүрмеу,”Жол қауіпсіздік ережелерін” сақтау,мектеп формасын сақтау,сабақтан қалмау жөнінде таныстырылды.





