Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп- гимназия
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,психолог ,әлеуметтік педагог үйден оқитын оқушылардың үйлеріне барып,оқушылардың әлеуметтік жағдайымен танысты.Кездесу барысында балалардың хал-ахуалы мен оқу барысы назарға алынып,ата аналармен пікір алмасу жүргізілді.
Жылы лебіздер айтылып ,моральдық қолдау көрсетілді.
Оқушылардың белсенділігі мен оқу үлгерімі жайлы ақпараттар жинақталды.
Мұндай шаралар балалардың білім алуына оң әсер етіп,олардың өздерін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезінуіне септігін тигізеді.
Бала-біздің болашағымыз!





