Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл

     Бүгін қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толды. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Екінші дүниежүзілік соғыста жаумен, одан кейін қазақ тарихын тұмшалаған даумен арпалысты. Ол қазақтың алғашқы ханынан бастап, соңғы ханына дейінгі тарихты қағаз бетіне түсірді. Ілияс Есенберлин мұрасы қазақ әдебиеті мен тарихы үшін алтыннан қымбат қазына. Жазушының қаламынан шыққан ең танымал романдары:

– «Көшпенділер» трилогиясы Қазақ халқының сан ғасырлық тарихын, азаттық үшін күресін жан-жақты бейнелейді.

– «Алтын Орда» трилогиясы Алтын Орда дәуіріндегі саяси-әлеуметтік өмір мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуын көрсетеді.

– «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Айқас», «Махаббат мейрамы» және басқа да романдары адам тағдыры мен рухани әлемін, өмір сынақтарын суреттейді.

Есенберлин шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, қазақ әдебиетінің биіктігін бүкіл әлемге паш етті.

#110жыл