Ш.яқалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 03.04.2026 жылы 9-11 сынып оқушылары мен “Жас сақшы” сыныбының оқушыларымен Тараз қаласының тумасы,“Халық қаһарманы” Ғазиз Байтасовтың туған күніне орай “Ер есімі -ел есінде” тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.Тәрбиелік іс-шараның мақсаты:
Оқушыларды отаншылдыққа,патриоттыққа тәрбиелеу. Іс шара барысында Отырар аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары,полиция подполковнигі Нұрбеков Асхат батырдың өмірі мен еңбегін дәріптейтін баяндама жасады.Іс-шара барысында Ғазиз Байтасовтың лаңкес қылмыскерді ұстау кезінде халыққа гранатаны лақтыруға жол бермей өз денесімен жауып халықты қорғап қалған ерлігі баяндалатын бейнеролик көрсетілді.Осы ерлігі үшін Ғазиз Байтасовқа “Халық қаһарманы” атағы берілді.
“Ер есімі -ел есінде” ,Еліміз аман-жұртымыз тыныш болсын!





