“Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік ” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
“Отырар ауданы білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты “
"Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп- гимназия ” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, 5«б» -сынып жетекшілері А.Сыздықова, А.Шакайдар ұйымдастырумен “Елімнің бақытын тербеткен-тәуелсіздік" атты мерекелік
іс- шара өткізілді.
Мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи оқиғалармен таныстыру. Оқушылардың бойында патриотизм, елге деген сүйіспеншілік, ұлттық рух пен тарихи сананы қалыптастыру.
Шара барысында Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктері, тәуелсіздік мерекесі туралы әдеби нақыл сөздер оқылып, патриоттық әндер шырқалып, би билеп, көріністер қойылды.
Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын! Аспанымыз ашық болып, көк Туымыз мәңгілік биікте желбірей берсін!![]()
![]()
![]()





