Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН

Түркістан облысы

Отырар ауданы

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 17.02.2026 жылы мектеп бітіруші түлектер арасында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының мектепішілік жоспарына сәйкес “МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ-МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ” тақырыбында мамандық таңдау кеші өткізілді.

Мақсаты:мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға бағыт-бағдар мен моьивация беру.Мамандық таңдау кешіне

1.Отырар ауданының құрметті азаматы.полиция ардагері Әбдіқадыров Жұмахан ағамыз

2 Ардагер ұстаз,қажы ана,мектпбіміздің “Әжелер” кеңесінің төрайымы Әмзеева Айсұлу апайымыз

3.Қадірлі ұстаз Байжанова Кенже апайымыз

4.Аудандық аурухана қызметкері,психолог Тәжиева Динара

5.Аудандық полиция қызметкері Надирова Зүбайра

6.Аудандық полиция қызметкері,мектеп инспекторы Ррденова Динара

Мектеп-гимназия директоры Сарсенбаев Талғат,мектеп мұғалімдері,11сынып жетекшілері мен бітіруші түлектері қатысты.

Кешті мектеп-гимназияның үздік бітіруші түлегі жаұында өткен ҰБТ сынық тестінен -130 балл жинаған шәкіртіміз Телғозы Аяулым жүргізді.

Кеш барысында мамандық иелері түлектерге мамандықтың қыр-сыры мен мамандық таңдауда жан-жақты мәліметтерімен бөлісті.Психологиялық тренинг ұйымдастырылды.Түлектерге жағдаяттық сұрақтар беріліп,қатысушылармен кері байланыс орнатылды

Кеште түлектерге жоғары оқу орнында оқып жатқан студент түлектер тарарынан да бейнероликтер арқылы керемет мотивациялар мен бағыттар берілді.

Кеш соңында қажы әжеміз түлектерге сәттілік тілеп бата берді

Мектеп-гимназия оқушыларының “Мамандық таңдау “ кешіне келіп қолдау білдірген құрметті қонақтарға алғыс білдіреміз!

Мектеп-гимеазия ұстаздары түлектеріміздің өз таңдаған мамандықтарына түсіп,адал иесі болуына тілектестік білдіреміз.