Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия
Ресми интернет-ресурс

Дүниежүзілік ЖИТС- пен күрес күніне орай " ЖИТС- ке жол жоқ"

Түркістан облысы

Отырар ауданы

"Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия " КММ-де Дүниежүзілік ЖИТС- пен күрес күніне орай " ЖИТС- ке жол жоқ" деген тақырыбында 8,9,10 - сыныптар арасында мектеп мейіргері Тұңғышбай Гүлбақыт және Жұмат Райханның ұйымдастыруымен іс шара өтілді. Іс шараның өткізудің басты мақсаты: ЖИТС ауруының өте қауіпті екенің оқушыларға ұғындыру. Дүниежүзілік ЖИТС- пен күрес күні- әлемдік деңгейде денсаулық сақтау мәселелеріне назар аударуға бағытталған ең маңызды халықаралық күндердің бірі. ЖИТС- көптеген адамдардың өмірін жалмаған өлімге әкелетін ауру. Оның себебі- стигматизация, емдеу әдістерінің, білім мен қажетті дәрі- дәрмектердің жетіспеушілігі. Оқушыларға қауіпті аурудың түрлерімен таныстырып, сауалнама алып, баяндама оқылды. Адамның басты байлығы- денсаулық. Денсаулықтың адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Әркім өз денсаулығына ерекше мән беру қажет деген тұжырыммен іс шараны аяқтады.