КҮЗГІ КАНИКУЛ КҮНДЕРІНДЕ
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында 29.10.2024 жылы “Бала - біздің болашағымыз “ тақырыбында 1-11сынып оқушыларының ата-аналарына жиналыс өткізілді
Мақсаты: Мұғалім,мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Ата-ана,бала,мектеп мұғалімдер үштігі арасында сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Мектеп-гимназия ата-аналар комитетінің төрағасы Жорабек Оралбек “ Бала - біздің болашағымыз” тақырыбында баяндама жасады.Баяндама барысында ата-аналарға отбасындағы тәрбиені арттыру,бала тәрбиесіне көңіл бөлу,бала бойына ұлттық құндылықтарды дарыту жөнінде кеңінен айтылды.
Мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Алтынбекова “Күзгі каникул кезіндегі” қауіпсіздік ережесімен таныстырды.Сондай-ақ мектеп формасы,оқушылардың сабаққа қатысымы ,балалардың қауіпсіздігі мен ерте жүктіліктің алдын-алу және болдырмау,түнгі беймезгіл уақытта жүрмеу туралы айтты.
Жарыс сөзге шыққан Әлиев Қалдыбай атамыз қазан айының соңғы күндері күн суытып,күннің қысқарғанын ,оқушылардың кешке үйге ертерек қайтуы үшін қоңырау ұзақтығын көктемге дейін ықшамдасаңыздар деген өтініш білдірді.
Бала - біздің болашағымыз!
Балалар аман болсын!
Балалардың қауіпсіздігін бірге қадағалайық!