Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Бұрымды қыз"челенджі ұйымдастырылды.Челенджге мектеп- гимназия арулары бұрымды шаштарын қалай күтетіндіктерін оқушылармен бөлісті.
Қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу.
Жүз жігітке жүзін бұрып қарамаған,
Бір аруға қарап келем бағанадан.
Жүз бір түрлі күйге салды жас жанымды,
Шаш бауының сыңғырынан тараған ән.