Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының 3"А"сынып жетекшісі Сара Есманованың ұйымдастыруымен "Бұрымды қыз" байқауы өткізілді.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын...
– деп, Абай атамыз жырлағандай, қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес.
Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу.
Байқаудың аты айтып тұрғандай, қатысушылар өзін өзі таныстыру, шаш ұзындығы, күтімі, сәнді өрімдер, киімдер (фантазия) ән, би, сахна мәдениеті, өз өнерлерін көрсетті. Өнер көрсеткен бұрымды қыздарымызға сәттілік тілейміз.