Түркістан облысы, Отырар аудандық білім бөлімінің Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының кітапханасына 22 сәуір күні бүкіл адамзаттың ақылшы досы, сенімді серігіне айналған, сарқылмас қазынамыз кітаптар әлемі тағы да жаңа кітаптармен толықтырылды. Ауылымыздың тумасы, Түркі әлемі жазушылар Одағының мүшесі Ұлжан Дәуренбекова өзінің
" Үндемес ата ұлағаты" кітабын мектеп-гимназия кітапханасында сыйға тартты. Апайымыз ұзақ жылдар бойы Өзбекстан Республикасында қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ беріп, Өзбекстан Республикасының бірінші дәрежелі озат оқытушысы атағын алған. Кейінгі жылдары Мырзашөл ауданы, N4 мектепте ұстаз, " Балдәурен" балабақшасында меңгеруші болып қызмет атқарған.
Қаламгер Ұлжан Дәуренбекованың кітабында Отырар және Түркістан өңірінде жомарттығымен, ақылдылығымен ел есінде сақталған Үндемес бай туралы деректер мен әңгімелер, ашаршылық жылдары қазақ халқының басынан кешкен нәубет жылдар туралы жазылған.
Ұзақ жылдар ұстаздық еткен Ұлжан апаймыздың әңгімелері көптеген басылымдарда " Жалын",
" Жұлдыз", " Қазақ әдебиеті" газеттерінде жарық көрген. " Үндемес ата ұлағаты" кітабының ерекшелігі шындыққа негізделген. Осы орайда жазушыға алғыс айта отырып, кітабы өз оқырмандарына жол табады деген ойдамыз. Сізге,алғысымыз шексіз.
Барлық ұстаздар мен оқушыларды осы кітапты оқуға шақырамыз.