25.12.2025 ж.күні Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы 9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиада жеңімпаздарын арнайы қабылдады. Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп- гимназияның үздік шәкірттері, білімге құштар , жеңімпаз оқушыларымыз -Ауыл олимпиадасының республикалық кезеңінің жеңімпаздарын Тұрсынхан Анель жетекшісі А.Жұмашова, "Менің шағын Отаным" республикалық олимпиадасының жеңімпазы Бейсенбай Бейбарыс жетекшісі Қ.Жолдаш аудан әкімінің арнайы Алғыс хаттары мен сый-сияпаттарына ие болды.
Бұл күн - мақтаныш пен қуанышқа толы. Оқушыларымыздың жетістігі бағаланып, оқушыларды тәрбиелеген ұстаздары да құрметке ие болды. Бұл білімге деген құрмет, еңбектің еленуі.
Кездесуде республикалық олимпиада жүлдегерлері мен олардың жетекшілеріне алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталып, алдағы уақытта да білім жолында биіктен көрінулеріне тілектестік білдірді.
Қанаттарың талмасын жас түлектер!
Ұстаздарымыздың еңбегі әрдайым биіктен көрінсін!
Жетістігімен қуантқан оқушыларымызды мақтан тұтамыз!
Туған жерін танып, зерттеп, сүйе білетін жас ұрпақ – ел ертеңінің жарқын бейнесі.
Жүлдегерлерімізге алдағы білім белестерінде тек биік шыңдар тілейміз!
Еңбектеріңіз жана берсін! ![]()





